Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында «Қолшатыр астындағы бойжеткен» және «Сиырмен тұрған сауыншы» дымков ойыншықтары сақтаулы. Оларды мұражайға 2000 жылы Лисаков қаласының Құрметті азаматы, Лисаков археологиялық экспедициясының жетекшісі Э.Р.Усманова тапсырды. Бұрын ойыншықтар Э. Панченкоға тиісілі болған.
Дымков ойыншығы - орыс халқының саз балшықтан жасайтын көркем кәсіпшілігінің бірі. Өнеркәсіп Вятки қаласының жақын орналасқан (қазір Киров қаласының аумағында) Дымково ауылында пайда болды. Ойыншықтардың пайда болуы көктемгі ысқырық мерекесімен байланыстырады, оған ауылдағы әйелдер саздан жылқы, қой, ешкі, үйрек және басқа да жануарлар түрінде ысқырық мүсіндеген; оларды түрлі түсті бояған. Кейін мереке өз маңызын жоғалтқан кезде, кәсіпшілік тек қана сақталып қана қоймай, одан әрі дами түсті. Дымков ойыншығы - қолмен жұмыс жасау бұйымы. Ойыншықтар мүсіндеуден бастап суретін салу – шығармашылық процесс. Мүлдем бірдей(ұқсас) екі заттың болуы мүмкін емес.
Қазіргі таңда «Қолшатыр астындағы бойжеткен» мен «Сиырмен тұрған сауыншы» ойыншықтарын мұражайымыздың «Қазақстан халықтарының мәдениеті» залының экспозициясында көруге болады.